
Басқосуда Сәуле Мешітбайқызы экспедицияның мақсатына тоқталып, басылымдардың халықтың рухани кемелденуіндегі рөлі мен бүгінгі қоғамдағы маңыздылығын атап өтті. Әсіресе, қазақ қоғамының руханияты, ел бірілігін сақтау, ұлттық құндылықтар, қоғамдық сананың жаңғыруы, отбасы құндылықтары мен тіл мәселесі секілді маңызды мәселелерге кеңінен тоқталды. Сонымен қатар қатысушыларға «Qazaqstan dauiri» газетінің стратегиялық миссиясы туралы мағлұмат беріліп, жаңа жобалар таныстырылып, оның зияткерлік-ағартушылық міндеттері баяндалды.