ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІ - БАСТЫ НАЗАРДА

ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІ - БАСТЫ НАЗАРДА
▪️Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес бүгін Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов өңір тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді. Онда өзі жетекшілік ететін салалар бойынша азаматтардың сұрақтары мен өтініштерін тыңдады. Қабылдауда газ, баспана кезегі және су есептеуіш құрылғысының жұмыс істеуі мәселелері көтерілді.
▪️ Түркістандық тұрғын газға берешек қарызын жабуды және үйін жөндеуге көмек көрсетуді сұрады. Өткен жылы демеушілер есебінен қарызы төленген. Қазір қарыз қайта жиналғандықтан үй газдан ажыратылды. Демеушілер табылған жағдайда көмек көрсетіледі.
▪️ Түркістандық тұрғын су есептегіштің дұрыс есептемеуіне шағымданды. Тексеру барысында есептегіш көрсеткіштері жүйеге уақытылы енгізілгені анықталды. Бірақ тұрғын төлемдерді уақытында жасамағандықтан қарыз 28 656,62 теңгеге жеткені белгілі болды.
▪️ Сайрам ауданы, Қарамұрт ауылының тұрғыны су мәселесіне шағымданды. Ауданда 1338 км су құбыры, 74 ұңғыма, 71 мұнара және 21 резервуар жұмыс істейді. Ауыз суды үш мекеме жеткізеді, тұрғындар қазіргі кезде сумен тұрақты қамтамасыз етілген.
▪️Баспана мәселесі: 2025 жылы қалада тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету үшін 11 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Жыл соңына дейін 944 пәтер беріледі деп жоспарланған. Биылдың өзінде 432 отбасы жаңа баспана алды.
▪️Барлық өтініштер ескеріліп, заң талаптарына сәйкес шешім қабылдау үшін тиісті басқармаларға тапсырма берілді. Басты міндет – тұрғындардың мәселесін дер кезінде тыңдап, оң шешім қабылдауға көмек көрсету.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі