
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес барлық аудан, қалаларға және орман шаруашылығы мекемелеріне көшет босату мен алып-кетудің механизмі жасалып, жауапты тұлғалар бекітілген. Ағаш отырғызу барысы арнайы жұмысшы топтармен қадағалануда. Көшет отырғызу жұмыстары аяқталғаннан кейін, атқарылған жұмыстардың сапасын анықтау, қоршаулары мен суғару жүйелерінің іске қосылуы бойынша қорытынды тексеру жүргізіледі. Сонымен қатар орман шаруашылығы мекемелері орналасуы бойынша жақын аудан, қалаларға олардың климаттық ерекшелігін ескеріп, жерінің тұзды, сортаң, тас-топырақты болуына байланысты биіктігі 1,5 - 3 метр болатын жергілікті жерсіндірілген жапырақты (қарағаш, шаған, айлант, ясень), қылқанды (бозарша, арша, қарағай) жеміс ағаштары (өрік, алма, шие, шабдалы) мен биыл гүлді ағаш, бұта (бирючина, лигустра) түрлерін босатып, стандартты көшеттерді отырғызуға басымдық берілуде.