ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА 20 МЫҢ ТҮП АҒАШ КӨШЕТІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА 20 МЫҢ ТҮП АҒАШ КӨШЕТІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
▪️Түркістан облысы Түлкібас аймағында аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Жиынбай ауылы, Жиынбай мектебінің маңынан 1,5 гектарға 20 мың түп сәмбі, шаған, қаратал мен қараағаш көшеттері арнайы дайындалып, қоршалған жерге отырғызылды.
▪️Күз мезгілінің шуақты күнінде ұйымдастырылған бұл игі шараға аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ғани Құрманбай бастаған мемлекеттік мекеме қызметкерлері, білім беру ұйымдары, жастар мен еріктілер белсене атсалысып, арнайы техника тартылды.
Алдағы уақытта, аталған жерді ботаникалық баққа айналдыру көзделіп отыр.
▪️Айта кетерлік, биылғы күзде аудан аумағын көгалдандыру, көріктендіру мақсатында 33 мыңнан астам сәнді және т.б. ағаш түрлерінің көшеттері арнайы дайындалған, қоршалып, суағару жүйесі реттелген алқапқа егілді. Оның ішінде 32 мың түп көшет облыстық тиісті басқарма тарапынан үлестірілсе, 1 мыңнан астам шырша, арша және өзге де сәнді ағаш көшеттері әкімдіктің ұйымдастыруымен демеушілер есебінен отырғызылды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі