ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА ЖАҢА ФУТБОЛ АЛАҢЫ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА ЖАҢА ФУТБОЛ АЛАҢЫ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ
▪️Түркістан облысында бұқаралық спортты дамыту бағытында, сондай-ақ жастардың спортпен тұрақты шұғылдануына жағдай жасау бағытында жұмыстар жалғасуда.
▪️Бүгін Сауран ауданы, Бабайқорған ауылдық округіне қарасты Үлгілі ауылында жаңа футбол алаңы пайдалануға берілді. Нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Мақсат Таңғатаров қатысып, тұрғындарды жаңа спорт алаңының іске қосылуымен құттықтады.
▪️Спорт алаңы ауылдағы Б.Майлин көшесіндегі №75 учаскеде орналасқан. Жалпы аумағы 3000 шаршы метрді (0,30 гектар) құрайды. Мұнда балаларға арналған шағын ойын алаңшасы да салынды.
▪️Жаңа нысан ауыл жастарының спортпен айналысуына, бос уақытын тиімді өткізуіне және салауатты өмір салтын насихаттауға мүмкіндік береді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі