ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕКТЕ КҮЗГІ КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗУ НАУҚАНЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕКТЕ КҮЗГІ КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗУ НАУҚАНЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
▪️Бүгін Бәйдібек ауданында жаппай күзгі көшет отырғызу жұмыстары ұйымдастырылды. Аудан орталығы – Шаян елді мекенінде өткен игі шараға аудан әкімінің міндетін атқарушы Бақыт Қырғызалиев, аудан прокуроры Мади Байтелиев, аудандық мәслихат төрағасы Имангелді Түймебаев, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, мекеме басшылары, ауылдық округтердің әкімдері мен ауыл тұрғындары қатысып, бірлесе ағаш екті.
▪️Аудан бойынша 2025 жылдың күзгі маусымында барлығы 23 300 түп көшет отырғызу жоспарланған болатын. Бүгінгі таңда 10 300 түп көшет егілді. Атап айтқанда, қаратал –12 400 түп, сары өрік – 6 800 түп, алма – 3 700 түп, шаған – 400 түп.
▪️Бұл игі шара ауданның барлық ауылдық округтерінде жалғасуда. Бастама табиғатты қорғау, жасыл белдеуді ұлғайту және болашақ ұрпаққа экологиялық таза орта қалыптастыруға бағытталған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі