ТҮРКІСТАНДЫҚ БЕКЗАТ «МЫҢ БАЛА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫНДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ!

ТҮРКІСТАНДЫҚ БЕКЗАТ «МЫҢ БАЛА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫНДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ!
📍2025 жылғы 12 қарашада Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының дәстүрлі «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
▪️Іс-шарада жас өнерпаздарды Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов марапаттап, ізгі лебізін білдірді.
▪️Осы айтулы жобада Түркістан облысының атынан 15 жасар Бахадир Бекзат Дильшадұлы қатысып, республикалық деңгейде үздік жас өнерпаздармен бірге өнер көрсетті.
📌– Бұл – мен үшін үлкен тәжірибе мен шабыт сыйлаған ерекше жоба. Фестиваль барысында мен еліміздің мәдениеті мен бірлігін дәріптеудің маңызын тағы бір сезіндім. Осы жетістікке жетуіме қолдау көрсеткен ұстаздарыма, ата-анама және мектебіме алғыс білдіремін! Алдағы уақытта да талмай еңбектеніп, жаңа биіктерді бағындыруға тырысамын! – дейді Бекзат.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі