
Министрдің айтуынша, мемлекет пен бизнес бірлесіп, әрбір азаматтың, тұрғылықты жеріне қарамастан, өзін қауіпсіз сезінуі және заманауи өрт сөндіру құралдарына қол жеткізуі үшін жұмыс істеуде. Жаңа бекет жедел әрекет етуге қажет барлық жағдаймен жабдықталған: техникаға арналған бокс, кезекшілерге арналған бөлме, ас үй, душ және демалыс бөлмесі бар. Бөлімше министрлік тарапынан автоцистернамен, өрт сөндірушінің жауынгерлік киімімен, радиостанциялармен және қызметтік автокөлікпен қамтамасыз етілді.