ТҮРКІСТАНДА АСЫҚ АТУДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА АСЫҚ АТУДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
📍Бүгін киелі Түркістан қаласында, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде асық ату бойынша Азия чемпионатының ашылу салтанаты өтті.
🏆Бұл жарыс ҚР Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» қоры мен «Спорт Қоры» демеушілігімен ұйымдастырылуда. Чемпионатты өткізуге университет ұжымы үлкен үлес қосып отыр.
🥇Чемпионаттың мақсаты – дәстүрлі ұлттық спорт түрлерін дамыту, жастар арасында асық ату ойынын кеңінен насихаттау және оның халықаралық беделін арттыру.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі