📍Түркістан облысында сұйытылған газ нарығындағы жағдайды тұрақтандыру бойынша нақты шаралар қабылдануда

📍Түркістан облысында сұйытылған газ нарығындағы жағдайды тұрақтандыру бойынша нақты шаралар қабылдануда
▪️Өңірде сұйытылған газ жеткізіліміне байланысты қалыптасқан жағдайға орай, Түркістан облысы әкімінің тапсырмасы негізінде Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы жағдайды тұрақтандыру мақсатында бірқатар нақты шараларды жүзеге асырды.
▪️Аудандық әкімдіктер мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдеріне алыпсатарлық әрекеттердің алдын алу және бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Өндіріс зауытымен газдың уақытылы жөнелтілуін қамтамасыз ету, сондай-ақ теміржол тасымалдаушыларымен вагондарды дер кезінде жеткізу бойынша тығыз жұмыс жүргізілуде.
▪️Жағдайды бақылауға алыпсатарлықтың кез келген көріністерінің алдын алу мақсатында құқық қорғау органдары тартылды.
▪️Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы сұйытылған газ нарығындағы ахуалды тұрақты бақылауда ұстап, Түркістан облысында тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.