
Түркістан облысында ауылдардың инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жалғасуда. Оның ішінде спорт нысандары да салынып жатыр. Солардың бірі Сарыағаш ауданы, Жемісті ауылдық округінде ашылды. Аудан әкімі Арман Абдуллаев құрылысы аяқталған нысандардың талапқа сай күтіп-ұсталуы қажеттігін атап өтіп, тиісті тапсырмалар берді.