ТҮРКІСТАН: «ТҮЛКІБАС» ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: «ТҮЛКІБАС» ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
▪️Түлкібас ауданында «Түлкібас» теміржол вокзалы ғимаратының құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аудан басшысы Асқар Естібаев пен аудандық мәслихаттың төрағасы Серғали Сәрсенбаев ғимараттың құрылыс алаңында болды.
▪️Бүгінде нысанның бірінші қабаты толық көтеріліп, екінші қабаттың құрылыс жұмыстары басталған. Жоба жоспарға сай іске асуда.
▪️Мердігер мекеме өкілдерінің мәліметінше, жыл соңына дейін ғимараттың шатыры жабылып, ішкі әрлеу және аяқтау жұмыстары толықтай жүргізілмек. Аудан басшылығы құрылыс сапасына ерекше мән беріп, жұмысты мерзімде аяқтауды тапсырды.
▪️Жоба толық іске қосылғанда, аудан тұрғындары мен қонақтарына заманауи талаптарға сай қызмет көрсететін болады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі