
«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Түркістан облысы бойынша филиалы қала және аудандардағы нысандарға мониторинг жүргізіп, жыл басынан бері облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары сондай-ақ, көше жол желісі нысандарынан бірқатар кемшілік анықтап, бүгінде қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Қала және аудан нысандарынан 1284 жол құрылыс материалы іріктеп алынып, тисті жұмыстар атқарылуда. Жыл басынан бері асфальтбетон өндіретін заводтарға мониторинг жүргізілді. Жалпы Түркістан облысында 29 асфальтбетон шығаратын завод бар. Оның ішінде, 5 завод бүгінде жұмысын тоқтатқан.