РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҮШ АУЫЛДЫҢ АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҮШ АУЫЛДЫҢ АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
▪️25 қазан – Республика күні қарсаңында Ордабасы ауданы Қараспан ауыл округіне қарасты Жұлдыз, Мәдениет және Ынтымақ ауылдарында көптен күткен таза ауыз су жүйесі пайдалануға берілді.
▪️Сәуір айында басталған жобаның жалпы құны 222,962 миллион теңгені құрайды. Жобаны «Карат-Z» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асырған.
▪️Салтанатты шараға аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, аудан прокуроры Абзал Қыдырбай және ауыл тұрғындары қатысты.
▪️Жиын барысында аудан басшысы сөз сөйлеп, тұрғындардың қуанышымен бөлісті.
▪️Ауыл ақсақалдары елді мекенге таза ауыз су тарту ісіне ұйытқы болған аудан басшылығына және құрылыс жұмыстарына атсалысқан азаматтарға ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.
▪️Айта кетейік, бұл ауыз су құрылысы – мемлекетке қайтарылған активтер есебінен жүзеге асырылған аудандағы екі әлеуметтік жобаның бірі.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі