
Мектеп құрылысы 2023 жылы басталып, биыл толық аяқталып, пайдалануға берілді. Жалпы аумағы 3 гектарды алып жатқан мектептің ауданы – 8 334 шаршы метр. Үш қабатты заманауи ғимарат бір ауысымда 600 оқушыны қабылдауға қауқарлы. Оқу ордасында 180 орындық асхана, 30 орындық оқу залы бар кітапхана, спорт және акт залдары, 3 шеберхана, медициналық пункт, сондай-ақ заманауи жабдықталған оқу кабинеттері қарастырылған.