
Жиын барысында «Шаңырақ» байқауына қатысқан авторлардың шығармаларына шолу жүргізілді. Бұл ретте, басқосуда сөз алған белгілі журналистер, ХҚТУ-дің профессорлары Сейдулла Садықов пен Бекжігіт Сердәлі, Түркістан облысы ҚХА жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының төрағасы Ерсұлтан Әмірбек, Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің басшысы Төребек Байтасов, “Оңтүстік Қазақстан” облыстық газетінің тілшісі, ақын Бауыржан Ерман және "Түркістан" қалалық газетінің тілшісі, ақын Дәурен Тілеухан байқаудың қанаты кеңге жайылып, еліміздегі татулық пен бірлікті насихаттауда рөлі жоғары болғанын атап өтті.