
Бүгінгі таңда 18 көшеге «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде жөндеу жұмыстары атқырлуда. Одан бөлек, тұрғындардың өтінішіне сәйкес, Түлкібас кентіндегі Шыңғысбеков, Көбей және Байсеріков көшелері облыстық бюджет есебінен толық жөндеуден өтуде. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң, бұл көшелерге жол белгілерін орнату, қажеттілігіне қарай бейнебақылау камераларын қою жұмыстары жоспарлануда.