ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ӨТКЕН СЕНБІЛІККЕ 3 МЫҢНАН АСТАМ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ӨТКЕН СЕНБІЛІККЕ 3 МЫҢНАН АСТАМ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ
☘️Арыс қаласында кең ауқымды тазалық пен көгалдандыру шарасы ұйымдастырылды. Жалпы сенбілікке 3000-нан астам тұрғын қатысып, 25 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Сонымен қатар 987 түп ағаш көшеті отырғызылып, 20 арнайы техника жұмылдырылды.
☘️Қала әкімі Қайсар Маңқараев бастап келген мемлекеттік қызметкерлер ардагерлермен, жастармен және осы аумақтағы тұрғындармен бірге «Арбат» аллеясында ағаш отырғызу жұмыстарына атсалысты.
☘️Шара барысында қатысушылар Арбат саябағының аумағын қоқыстан тазартып, арықтарды ашып, жас көшеттерді отырғызды. Отырғызылған ағаштарға күтім жасау «Жасыл Арыс» КММ-нің қызметкерлеріне жүктелді.
☘️Сонымен қатар қала әкімі жақында осы аумақта ашылған балалар ойын алаңшасына арнайы барып, бүлдіршіндермен тілдесті.
☘️Қаланы көркейту мен тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бұл шараға арыстықтар ерекше қолдау білдіріп, мұндай жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі