
Сауран ауданында «Таза Қазақстан»бағдарламасының «Жасыл болашақ» кезеңі аясында кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық пен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шараға аудан бойынша 2000-нан астам тұрғындар белсенді қатысты. Олардың қатарында мемлекеттік және бюджеттік мекемелердің қызметкерлері, жастар, еріктілер және ауыл тұрғындары болды.