
Науқас – 54 жаста. Диагнозы: MELD – 26 балл, бауыр циррозы (СТР бойынша С класы, 12 балл), біріншілік билиарлық холангит (АМА-негативті түрі), бауыр-жасушалық жеткіліксіздік, паренхиматозды сарғаю, өңеш веналарының варикозды кеңеюі (1–2 дәрежелі), бауыр энцефалопатиясы (2–3 саты).
Науқас бірнеше жылдан бері гастроэнтерологтың «Д» есебінде тұрған. Ауруы асцитпен, портальды гипертензиямен және спленомегалиямен асқынған. Ұзақ емдеу шараларына қарамастан, жағдайының нашарлай түсуіне байланысты бауыр трансплантациясы өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы болды.