ТҮРКІСТАН: ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
▪️Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Шайхы Жандоспен кездесті.
▪️Кездесу барысында өңірдегі инвестициялық ахуалға тоқталып, мүмкіндіктер мен жоспарлар баяндалды.
▪️2025-жылдың 9 айында 33 инвестициялық жоба іске қосылып, 4793 жұмыс орны ашылған. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 48 жобаға жетеді деп күтілуде. Облыста 2028-жылға дейін 111 инвестициялық жобаның пулы қалыптастырылған. Бұл межеге қол жеткізу 23 915 жаңа жұмыс орнын ашуды көздейді. 2024-жылы жүзеге асқан 16 инвестжоба 1358 азаматты тұрақты жүмыспен қамтамасыз етті.
▪️Облыс әкімінің орынбасары қаржыландыру барысында кездесетін түйткілдерге де тоқталып, өзекті мәселелерді ортаға салды. Сондай-ақ, халық тығыз орналасқан аудандарда арнайы кеңсе ашу, несиелендіру мен қаржылық сауаттылыққа қатысты кеңес беру орталығын жасақтау жайы талқыланды.
▪️Жандос Шайхы облысқа сапары барысында мақталы алқаптарды аралап, инвестициялық жобалардың жұмысымен танысқан.
▪️Жыл басынан бері «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» арқылы өңірден ұсынылған құны 500,8 млрд. теңгені құрайтын 6 жоба мақұлданған. Басқарма төрағасының орынбасары Ұлттық басқарушы холдингі қайта өңдеу өнеркәсібі, инфрақұрылым және Агроөнеркәсіптік кешен салаларына қатысты шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытында ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін атап өтті.
▪️Басқосуда шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында екінші деңгейлік банктер арқылы жеңілдетілген несиелер ұсыну шарттары, құқықтық номативтері сараланды.
▪️Кездесу нәтижесінде ынтымақтастық меморандум түзіліп, келісімге қол қойылды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі