Төлеби ауданында Ұстаздар күніне арналған мерекелік шара өтті. Білім мен тәрбие саласына өлшеусіз үлес қосқан ұстаздарға құрмет көрсетілген шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, аграрлық мәселелер жөніндегі комитеттің және «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев, Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов, аудандық «Ауыл» партиясының мәслихат депуттары қатысты.
Салтанатты шарада аудан әкімі ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың білім саласына қосқан өлшеусіз еңбектерін айрықша атап өтті.
Мерекелік жиын барысында ұстаздардың еңбегі лайықты бағаланып, «Ауыл» партиясының 25 жылдық мерейтойына арналған төсбелгі, «Алғыс хаттар» табыс етілді. Салтанатты жиын мерекелік концертке ұласты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі