ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА ҰСТАЗДАР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

ТҮРКІСТАН:  ҚАЗЫҒҰРТТА ҰСТАЗДАР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Қазығұрт ауданында Ұстаздар күні мерекесіне орай “Ұстаз – ұлт рухының шамы” атты салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік жиында аудан әкімі Азизхан Исмаилов барша ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, шәкірт тәрбиелеудегі ерен еңбектеріне алғысын білдірді.
Салтанатты шара барысында білім беру ісінде табысты еңбек етіп жүрген бірқатар ұстаздардың еңбектері еленіп, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің, Түркістан облыстық білім басқармасы басшысының “Құрмет грамотасымен” және аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Мерекелік кеште аудандық мәдениет сарайының өнерпаздары әсем ән ән салып, “Таңшолпан” халықтық би-ансамблі тамаша билерімен тәнті етті. Ұстаздар қауымы арнайы жайылған дастарқанда қонақ болып, көтеріңкі көңіл-күймен құрметке бөленді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі