
Бүгін Түркістан облысының ауыл шаруашылығы өнімдері Алматы қаласына жөнелтілді. Жәрмеңкеге 500 тоннадан астам ет, көкөніс, бақша, жеміс-жидек, балық және жергілікті қайта өңдеу өнімдері жеткізіліп, нарық бағасынан 15-20 пайызға төменгі бағада тұтынушыларға ұсынылады. Республикада ауыл шаруашылығының өнімінің 14%-ы облысқа тиесілі. Биыл қаңтар-тамыз айларына 487,7 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 100,1 %-ды құрады. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 97,6 млрд теңге инвестиция тартылып, тиісті кезеңмен салыстырғанда 1,4 есе артқан. Одан бөлек, тамақ өндірісінің негізгі капиталына 23,3 млрд теңге инвестиция тартылып, 1,5 есеге артқан.