
Премьер-министрдің орынбасарына облыстық «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің жұмысы да таныстырылды. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев әлеуметтік сала бойынша қолға атқарылған істерге тоқталды. 2025 жылға арналған «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында облыста 130 мыңнан аса жұмыс орнын құру көзделген. Бұл республика бойынша құрылатын жұмыс орындарының 14,5%-ын құрап, ең жоғары көрсеткіш болып қалыптасты (ҚР – 903198 жұмыс орны). Жыл басынан бергі 8 айда 100 807 азамат жұмыспен қамтылған. Оның ішінде: тұрақты жұмысқа 59925 азамат, уақытша жұмысқа 40882 азамат орналасқан. Ұлттық жобаларға – 3 156 азамат, «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орны» бастамасы бойынша 27 617 азамат, тұрақты жұмысқа 29425 азамат жолданса, субсидияланатын жұмыс орындарында 39 720 азамат жұмыспен қамтылған. 1788 тұрғынға мемлекет тарапынан қайтарымсыз грант берілген.