
«Бүгінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің жанындағы көне Күлтөбе қалашығын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. 2025 жылы өңір инфрақұрылымын жақсарту аясында 11,3 млрд теңгеге 6 жоба жүзеге асырылады. Олардың қатарында туристік нысандарға апаратын жолдарды реконструкциялау мен Сауран қалашығына дейін айналма алаң салу жұмыстары бар. Жалпы, тарихи-мәдени мұраны реставрациялау және сақтау – біздің негізгі басымдықтарымыздың бірі», — деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов.