
Бұл сайысқа Түркістан облысынан 10 спортшы қатысып, оның 4-і жеңіспен оралды. Атап айтқанда, ұлдар арасында 65 кг салмақ дәрежесінде Арапбай Жанасыл 1 орынға ие болып, чемпион атанды. Сонымен қатар, 79 кг салмақ дәрежесінде Ирсали Нұрмұхаммед 2 орынға ие болды. Ал, қыздар арасында 53 кг салмақ дәрежесінде Лесбек Райян - 2 орын, 58 кг салмақ дәрежесінде Өмірзақ Кәусар 3 орынды еншіледі. Жеңімпаз спортшылар Арыс, Шымкент қалалары және Шардара ауданында орналасқан спорт мектептерінде жаттығуда. Жаттықтырушылары Т. Ускенбаев, А. Кубеев, С. Құрманов, Б. Идрисов.