
Тұрақтандыру қорының өнімдері облыс аумағында «Түркістан» ӘКК» АҚ-на қарасты 38 әлеуметтік дүкенде сатылуда. Нақтырақ айтқанда, Түркістан қаласында – 29, Кентау қаласында – 7, Арыс қаласында – 2, сондай-ақ, 3 ірі сауда үйінде және 25 сауда орнында ұйымдастырылған әлеуметтік бұрыштар жұмыс істейді. Бұл дүкендерге Тұрақтандыру қоры арқылы 19 әлеуметтік маңызы бар тауар жеткізіледі. Атап айтқанда, ұн, қант, күнбағыс майы, жұмыртқа, картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат және басқа да өнімдер облыс аумағындағы ірі сауда желілері мен әлеуметтік дүкендерде нарықтан төмен бағада сатылуда.