ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ – ЖАС БУЫНҒА ЖАҢА МҮМКІНДІК!

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ – ЖАС БУЫНҒА ЖАҢА МҮМКІНДІК!
✔️Жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеру, жастарды еңбекке баулу және отандық өнім өндірушілерді таныстыру мақсатында жүйелі жұмыстар жалғасуда.
✔️Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты Еңбек мобильділігі орталығы мен Мансап орталығының ұйымдастыруымен Түркістан жоғарғы көпсалалы қолөнер колледжі мен Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжінің 250 студенті «Түркістан» еркін экономикалық аймағындағы «Grand Miks» мебель құрастыру және «Kaztor LTD» ЖШС қоршау өнімдері өндірісімен танысты.
🔹 Ашық есік күнінде студенттерге өндіріс технологиясы түсіндіріліп, өнім түрлері көрсетілді. Жұмысшы мамандардың ел экономикасына қосар үлесі баяндалып, жастарға еңбекқорлық пен нағыз маман болу құндылығы насихатталды.
📌 Жыл басынан бері облыс көлеміндегі 37 ірі өндіріс орнында ашық есік күндері ұйымдастырылып, оған:
✔️ 7 мыңнан астам мектеп оқушылары,
✔️ 5 мыңға жуық техникалық және кәсіптік білім алушылары,
✔️ 3 500-ден аса жұмыс іздеушілер қатысты.