ТҮРКІСТАН МЕН ХУБЭЙ: ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР ЖОЛЫ

ТҮРКІСТАН МЕН ХУБЭЙ: ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР ЖОЛЫ
Түркістан облысы мен Қытайдың Хубэй провинциясы арасында қол қойылған Жол картасы – екі өңір арасындағы сенімді әріптестіктің нақты қадамы. Бұл – жүзеге асатын нақты жобаларға толы іс-шаралар жоспары.
📌Бұл келісім не береді?
🔹 Инвестиция келеді. Қытайдың алпауыт өндірістік орталығы Хубэй – Түркістанда бірлескен жобаларды іске асыруға дайын. Бұл дегеніңіз – жаңа зауыттар, жұмыс орындары, табыс көзі.
🔹 Білім мен ғылым дамиды. Түркістан мен Ухань қаласының оқу орындары өзара келісіп, жастарға жаңа білім, шетелдік тәжірибе, академиялық алмасу мүмкіндігін ашты.
🔹 Ауыл шаруашылығы мен туризмге серпін береді. Екі өңірдің табиғи байлығы мен тарихи тамыры тереңде. Жол картасы осы салаларда бірлесе жұмыс істеуге жол ашады.
🔹 Технология мен жасыл энергия. Хубэй – экологияны бірінші орынға қойған аймақ. Түркістанда таза әрі тиімді энергия көздерін пайдалану тәжірибесі кеңеймек.
🔹 Өзара сауда артады. Түркістан өнімдері Қытай нарығына жол тартады. Бұл – біздің кәсіпкерлер үшін үлкен мүмкіндік.
📈 Хубэй – Қытайдың экономикасы қарқынды дамыған, технологиясы озық провинцияларының бірі. Былтырғы жалпы ішкі өнімі – 840 млрд АҚШ доллары. Ал халық саны – 60 миллионнан асады.
✅ Түркістан мен Хубэй арасындағы Жол картасы – жаңа дәуірге бастайтын болашақтың көпірі.