
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжо Тэ-Икпен ресми кездесу өткізді. Жүздесуде тараптар екіжақты экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты тереңдету, сондай-ақ өңірлік серіктестікті кеңейту жолдарын талқылады. Кездесу барысында инвестиция, білім беру, денсаулық сақтау, агроөнеркәсіп және туризм салаларындағы ықпалдастықты дамыту мүмкіндіктері жан-жақты қарастырылды.