
Түркістан облысы, Келес ауданында мемлекет бюджетіне қайтарылған активтер есебінен елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамту бағытында 12 нысанның құрылысы жүргізілуде. Бұл жобалар арқылы 13 елді мекен ауыз сумен қамтылмақ. Атап айтқанда, Жүзімдік ауылдық округінде – Ақсу, Оңтүстік, Ақтөбе ауылдық округінде – Қаратөбе, Жаңадәуір, Жуантөбе, Көгерту, Ақжар, Ғ.Мұратбаев, Есікқорған, Құйған, Қияжол, Кеңдала елді мекендері, сондай-ақ Бірлік ауылдық округіне қарасты Қосөткел ауылы бар.