
Түркістан облысына қарасты қос ауданның шалғай елді мекендері интернет желісіне қосылды. Бүгін Қазығұрт ауданы, Өгем қолжетімділігі қиын елді мекені интернет жүйесіне қосылды. Бұл жұмыстар Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті тарапынан «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында іске асты.