
Түркістан облысы өңдеу өнеркәсібін дамытуға ерекше көңіл бөліп, шетелдік инвесторларды тарту арқылы өңір экономикасын әртараптандыруды көздейді. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров бастамасымен жүзеге асырылып жатқан жобалар импортқа тәуелділікті төмендетіп, отандық өндірісті нығайтуды мақсат етеді. Бүгін өңір басшысы бірқатар инвесторлармен кездесіп, Түркістан өңірінде кәсіп ашудың тиімді тұстарын түсіндірді.