
Түркістан қаласында кезекті нысанның құрылысы аяқталуға жақын. Қыркүйек айында қолданысқа берілетін «Қолөнершілер қалашығы» кешенінің жалпы аумағы - 2,3 гектар. Туристік және мәдени бағыттағы бұл кешен 8 негізгі функционалды бөліктен тұрады. Онда 20 шеберхана, 2 шоурум, көрме залы, мейрамхана, қонақүй және өзге де қажетті инфрақұрылымдар қарастырылған. Сонымен қатар, өңірлік ерекшеліктер мен тұтынушылар сұранысына орай арнайы брендтік каталог әзірленіп, соның негізінде ұлттық кәдесыйлар нарыққа шығарылатын болады.