
Өңірде білім саласында цифрлық трансформацияны жеделдету, жасанды интеллект саласына бағытталған құзыреттерді ерте жастан қалыптастыру және педагогтердің цифрлық сауаттылығын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жалғасуда. Атап айтқанда, информатика, робототехника және «STEM» бағытындағы кабинеттерді жабдықтау жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда және цифрлық білім беру платформаларына көшу, оқу процесін автоматтандыру және оқушы жетістігін цифрлық форматта бақылау қолға алынған. Жасанды интеллект пен IT негіздерін меңгеруге бағытталған пилоттық жобалар дайындалып жатыр. Сонымен қатар мұғалімдерді заманауи технологиялармен жұмыс істеуге даярлау курстары жүйелі түрде өткізіліп келеді.