ТҮРКІСТАН: МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛҒАН АКТИВТЕР ЕСЕБІНЕН ОРДАБАСЫДА БАЛАЛАР МУЗЫКА МЕКТЕБІ САЛЫНУДА

ТҮРКІСТАН: МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛҒАН АКТИВТЕР ЕСЕБІНЕН ОРДАБАСЫДА БАЛАЛАР МУЗЫКА МЕКТЕБІ САЛЫНУДА
✔️Елімізде заңсыз иемденілген активтерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жалғасуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша бұл қаражат бүкіл ел бойынша жүздеген әлеуметтік нысан құрылысы мен жаңғырту жұмыстарына бағытталуда.
✔️Түркістан облысы, Ордабасы ауданына қарасты Темірлан ауылында балалар музыка мектебінің құрылысы жүргізіліп жатыр.
✔️Нысанның құрылысына Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитетімен және республикалық бюджет комиссиясының шешімімен 2025 жылға арнаулы мемлекеттік қор есебінен 889,2 млн.теңге қаржы қаралды.
✔️Нысанның құрылысы осы жылдың сәуір айында басталды. Құрылыс жұмыстарын Түркістан облысының құрылыс басқармасының тапсырысымен «Намыс» ЖШС жүргізуде.
✔️Жоба бойынша балалар музыка мектебінде 150 көрерменге арналған концерт залы, топтық үйірмелермен айналысатын кабинет, дайындық залы, халық аспаптарына арналған 2 кабинет, ән жазу студиясы, демалуға арналған кабинеттер, гардероб және 8 орынға арналған кітапхана залы қарастырылған.
✔️Бүгінгі таңда ғимараттың іргетасын құю, 1-ші және 2-ші қабаттың кірпіш қалау жұмыстары толық аяқталды. Сонымен қатар ішкі баспалдақтардың бетоны құйылып, қабатаралық плиталары орнатылды. Шатыр жабу жұмыстары аяқталып, инженерлік жүйелері толығық тартылды. Ал, сыртқы инженерлік жүйелеріндегі жұмыстар 90%-ға орындалған. Қазіргі таңда ішкі әрлеу, сыртқы қасбетін қаптау және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, нысанның құрылыс жұмыстары 75 %-ға орындалды. Ғимаратты осы жылдың қараша айына дейін пайдалануға беру көзделуде.
✔️Құрылыс жұмыстарының сапалы әрі мерзімінде аяқталуы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің жіті бақылауында.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі