
Облыста мемлекеттік тілді кеңінен насихаттауға бағытталған ауқымды жұмыстар атқарылуда. Елімізде сан алуан этностардың мәдениетін сақтауға және дамытуға да мүмкіндік жасалған. Өңірде 11 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Ал қазақ, орыс, ағылшын тілдерін үйренуге ынталы азаматтар үшін облыс аумағында тілдерді тегін оқытатын 17 орталық жұмыс жүргізуде.
Өңірде жүргізілген талдау жұмыстарының нәтижесінде мемлекеттік тілді еркін меңгерген тұрғындар үлесі 92 пайызға жетсе, орыс тілін меңгергендер – 64%, ал ағылшын тілін білетіндер – 16,2 пайыздан асты.