
Бұл келісім аясында Сауран ауданында жалпы құны 3,1 млрд теңгені құрайтын екі ірі жоба жүзеге асырылмақ. Оның бірі – Шаға ауылдық округінде салынатын сэндвич-панельдер өндіретін «Euro Sandwich Panel» ЖШС зауыты болса, екіншісі – Жүйнек ауылдық округінде бой көтеретін «JADO GROUP» ЖШС жиһаз фабрикасы. Сэндвич-панель зауытының құны 2,1 млрд теңгені құрап, жылына 900 мың м² өнім өндіруге қауқарлы болады. 2,5 гектар аумақта салынатын бұл нысан 2025-2026 жылдары іске қосылып, 30 адамды жұмыспен қамтиды. Ал жиһаз фабрикасының құны 300 млн теңгені құрап, айына 1000 дана өнім өндіру жоспарланған. Аумағы 1,4 гектарды қамтитын өндіріс орны да 2025-2026 жылдары пайдалануға беріліп, 30 адамға тұрақты жұмыс орнын ұсынады.