ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ОЙЫН АЛАҢШАЛАРЫ МЕН СПОРТ АЛАҢДАРЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ОЙЫН АЛАҢШАЛАРЫ МЕН СПОРТ АЛАҢДАРЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
✔️Түркістан облысының тұрғындары үшін қолайлы орта қалыптастыру бағытында жұмыстар қарқынды жүргізіліп келеді. Облыс орталығында балалар мен жасөспірімдердің спортпен шұғылдануына арналған жаңа 9 ойын және спорт алаңдары салынып, халық игілігіне пайдалануға берілді.
✔️Жергілікті тұрғындардың ұсыныс-пікірлері назарға алынып, Қазақбақ, Алтай, М.Әбенова, А.Жангелдин, Мұғалжар, Ш.Уәлиханов, Р.Дастанова көшелерінде ойын алаңшалары салынса, Хақназар хан мен Ш.Ниязов көшелерінде футбол алаңшалары бой көтерді.
✔️Алаңшалардың құрылыс жұмыстары осы жылдың ақпан айында басталып, бүгінде толық аяқталды. Нысандар сапа стандарттары мен қауіпсіздік талаптарына сай жабдықталған.
✔️Сонымен қатар аумақтар абаттандырылып, көгалдандырылған. Тұрғындардың қауіпсіздігі мен қолайлылығы үшін инженерлік инфрақұрылым да қарастырылған.
✔️Айта кетейік, қазіргі таңда Түркістан қаласы аумағында жалпы 250-ге жуық ойын және спорт алаңшасы бар.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі