САЙРАМ АУДАНЫНДА ЗАҢСЫЗ ЖҮК ТАСЫМАЛЫНА ТОСҚАУЫЛ ҚОЙЫЛДЫ

САЙРАМ АУДАНЫНДА ЗАҢСЫЗ ЖҮК ТАСЫМАЛЫНА ТОСҚАУЫЛ ҚОЙЫЛДЫ
☑️Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес облыс аумағында заңсыз жер қойнауын пайдалану әрекеттерінің алдын алу және оларды тоқтату мақсатында құрылған жұмысшы топ Сайрам ауданы аумағында рейдтік іс-шара жүргізді.
☑️Рейд барысында ауыр жүк көліктерімен заңсыз тасымалдау және жүк тасымалына қатысты құқықбұзушылық фактілері анықталды. Нәтижесінде, 7 бірлік ауыр жүк көлігі Сайрам ауданының айыптұрағына қойылды.
☑️Аталған заңбұзушылықтар бойынша тиісті заң шеңберінде облыстық көліктік бақылау инспекциясы мен құқық қорғау органдары тарапынан процестік шешімдер қабылданатын болады.
✔️Айта кету керек, бұл бағыттағы рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде жалғасады. Облыс аумағында заңсыз жүк тасымалы мен жер қойнауын пайдалану әрекеттеріне жол бермеу – басты міндеттердің бірі болып қала бермек.