
Айта кетейік, облыс орталығында биыл бірқатар маңызды мәдени және рухани іс-шаралар ұйымдастырылатын болады. Бүгінгі күнге дейін «Voice of Turan – 2025» халықаралық фестивалі, «Түркінің төрі – Түркістан» жас ақындар айтысы сынды бірқатар маңызды шаралар мен жобалар ұйымдастырылды. Алдағы уақытта «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі, Республика күніне арналған салтанатты шаралар мен «Түркістан дауысы» мерекелік концерттерді өткізу жоспарланған.