
Жеке қабылдауға Түркістан, Кентау қалалары мен Қазығұрт, Сарыағаш, Жетісай, Шардара аудандарының тұрғындары келді. Азаматтар коммуналдық, экологиялық, заңсыз құрылыстар, тұрғын үй, жұмыс, кәсіпкерлік, білім саласына қатысты және өзге де өзекті мәселелерді ортаға салды. Мәселен, Сарыағаш ауданының азаматы кәсіпкерлік нысанның мәселесін жеткізді. Жетісай ауданынан келген тұрғын әлеуметтік қызмет саласының жұмысына шағымданды. Кентаулық тұрғын ауыз су, қоқыс полигоны және экология туралы мәселе көтерді. Қазығұрт ауданынан келген азаматша тұрғын үй сапасы сын көтермейтінін жеткізді. Одан бөлек, тұрғындар аудан, қалалардың әлеуетін арттыру бағытында ұсыныстарын айтты.