
Сауран ауданындағы білім саласы
Қазіргі таңда аудан бойынша 62 мектепте 24 964 оқушы білім алуда. Оның ішінде 44 мемлекеттік, 18 жекеменшік мектеп бар. 2025 жылы 1579 түлек 11-сыныпты аяқтап, олардың 104-і «Алтын белгі», 131-і «Үздік аттестат» иегері атанды. ҰБТ-ға 1427 оқушы қатысып, ауданның орташа балы 78-ді құрады. Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша білім сапасының көрсеткіші 60,3%-ға жетіп, алдыңғы жылмен салыстырғанда 4,6%-ға артты. Биыл ауданда 2260 бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттады.

Жаңа оқу жылында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бірқатар жұмыстар жүзеге асырылуда. Нақтырақ айтқанда, С.Қожанов атындағы жаңа мектеп пайдалануға берілсе, алдағы уақытта Аша елді мекеніндегі жаңа мектеп пайдалануға берілмек. Бұдан бөлек, Абай ауылында 300 орындық мектептің құрылысы басталды. Сондай-ақ Майдантал және Құмтүйін елді мекендерінде жаңа мектеп пен 300 орындық «Оқушылар сарайын» салу үшін жобалық-сметалық құжаттар дайындалуда. Ал биылғы жылы Ж.Тәшенов атындағы мектепке 713,7 млн теңге, Молда Мұса атындағы мектепке 836,5 млн теңге бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.