
Атап айтқанда, Төлеби ауданының Достық ауылында 900 орындық, Сайрам ауданының Ақсу ауылында 600 орындық жаңа мектептер пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, Шардара, Сауран, Келес, Сарыағаш, Ордабасы, Мақтаарал аудандары мен Арыс қаласында да 300-600 орындық жаңа оқу ошақтары пайдалануға берілді. Бұл – өңірдегі білім инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстың нақты көрінісі. Жобаның түпкі мақсаты – білім беру инфрақұрылымын жаңғырта отырып, әрбір балаға сапалы білімге қол жеткізу мүмкіндігін жасау.