АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІ ТИЕЛГЕН ТҮРКІСТАНДЫҚ КЕРУЕН АБАЙ ОБЛЫСЫНА ЖЕТТІ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІ ТИЕЛГЕН ТҮРКІСТАНДЫҚ КЕРУЕН АБАЙ ОБЛЫСЫНА ЖЕТТІ
✔️2025 жылдың 2-3 тамыз күндері Абай облысы, Семей қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеге Түркістан облысы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысады. Іс-шара Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай оңтүстіктен тарту ретінде ұйымдастырылып отыр.
✔️Жәрмеңкеге 540 тоннадан астам көкөніс, бақша, жеміс-жидек, балық және жергілікті қайта өңдеу өнімдері жеткізіліп, тұтынушыларға арзан бағада ұсынылады.
✔️Абай облысының тұрғындары мен қонақтарын жәрмеңкеге белсене қатысуға шақырамыз!
⏰ 09:00-18:00
📍Семей қаласы | «Арена» көпфункционалды мәдени-спорт кешені