
«Мемлекет басшысы көктемгі және еріген қар суын жинап, оны егістікке тиімді пайдалану үшін 20 жаңа бөген салу, кемінде 15 су қоймасына күрделі жөндеу жүргізу жөнінде тапсырма берген болатын. Таяу уақытта “Бәйдібек ата” және “Боралдай” су қоймалары арқылы “Бөген” су қоймасына қосымша 113 млн текше метр су берілгенінің арқасында Түркістан қаласы кепілді түрде сумен қамтамасыз етілетін болады. Трансшекаралық су көздерінен келетін су көлемі жылдан-жылға азайып келеді. Соған байланысты біз ішкі су қорларын барынша пайдалану үшін қосымша су қоймаларын салу жолдарын қарастыруымыз қажет», – деп атап өтті Олжас Бектенов.