
Айта кетейік, 2021 жылы Ақтауда «Ақ бидай» республикалық VII ауыл спорты ойындары өтіп, кіл мықтылар анықталған болатын. Халықаралық деңгейлерге сай бой түзеген спорт кешендерінде республикамыздың түкпір-түкпірінен келген спортшы ұл-қыздар бақтарын сынады. Нәтижесінде 195 ұпай жинаған Түркістан облысының өрендері командалық есепте бас жүлдені иеленді. Облыс спортшылары сол жетістікті қайталауды көздеп отыр.