
Түркістан облысына қарасты «Шардара» су қоймасының айналасында жазғы демалыс жағажайлары көбейген. Осыған дейін облыс басшысы Нұралхан Көшеров туристік аймаққа арнайы барып, жағажайдың жай-күйімен танысып қайтқан болатын. Демалыс жағажайларындағы басты түйткіл тазалық пен қауіпсіздік талаптары екені белгілі. Осы тұста облыс әкімі демалыс аймағына жауапты тұлғалармен кездесіп, көтерілген мәселелер төңірегінде тапсырмалар берді.