Меню

Страницы

Статья

ТҮРКІСТАН: 20 МЫҢҒА ЖУЫҚ БЕТПЕРДЕ ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ

Бүгін Кентау қаласында 20 000 жуық бетперде тегін таратылды. Игі іске қаладағы еріктілер ұйымы ұйытқы болып отыр. Әрбір көшені аралап тұрғындарға бетперде мен арнайы қорғаныш қолғаптарын тарту еткен жастар, коронавирустан қорғану жолдарын түсіндірді. Көшеге көп шықпау керектігін және адамдар көп жиналатын жерлерге бармау қажеттігін ескертті. Сақтық шараларын үнемі сақтауды айтып, түрлі кеңестермен бөлісті.

- Еріктілер бетперделерді өздері қолдан тікті. Қазір қала көшелерінде біршамасын таратты. Сондай-ақ, қалаға кіре-беріс қақпада орналасқан блок-посттағы келушілерге берді. Енді, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, ардагерлерге және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың үйлеріне алып барып береміз. Бұл игі істі алдағы уақытта да жалғастыратын боламыз – дейді қалалық Жастар ресурстық орталығының басшысы Қанат Бекметов.
Сондай-ақ, қазіргі таңда қала көшелері мен саябақтарға, гүлзарлар мен аллеяларға, көп қабатты тұрғын үйлердің подъездері мен аулаларына залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.

 

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Дата публикации
28 марта 2020
Дата обновления
28 марта 2020
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Сайлау учаскелерінің шекаралары
16 октября 2026
Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының құрамы
16 октября 2026
Түркістан облыстық маслихат депутаттарының сайлау округтері туралы ақпарат (орналасқан жері мен құрамы) (23-округ)

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы